Ақтөбеде автобус жүргізушісі жол ақысын төлемеген оқушыға еден жуғызған

Бұл оқиғаға қатысты министрлік пікір білдірді.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбеде автобус жүргізушісі жол ақысы үшін мектеп оқушысын еден жууға мәжбүрлеген оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды.
Комитет бұл әрекетті заңға қайшы деп санайды.
Осы оқиғаға байланысты тергеу басталды.
«Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын, сондай-ақ уақтылы шара қолданбаған қала әкімшілігінің әрекетсіздігі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көліктерде балалардың құқықтарын сақтауды қатаң бақылауды күшейтуге шақырамыз»,-делінген хабарламада.