Жаңалықтар

Ақтөбеде балаларға манту орнына БЦЖ салған дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде балаларға манту орнына БЦЖ салған дәрігерлерге қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Айта кетейік, Ақтөбеде 42 оқушыға манту сынамасының орнына БЦЖ салынған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қателік кеткенін мойындап, ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізгенін айтты. Жергілікті жерде бірден екі комиссия құрылды. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларына манту сынамасын жүргізбестен БЦЖ вакцинасын салу фактісі бойынша қызметтік тексеруді бастады. Вакцинаны шатастырған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілген.