Жаңалықтар

Ақтөбеде ірі өрт болып, бірнеше жүк көлігі қызыл жалынға оранды

Ақтөбе қаласында бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағында жүк көліктері мен автокөлік дөңгелектері өртенді.

Бұл оқиға Курсант шоссеcі бойында орын алған, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында құтқарушылар тұрғын үйдегі өрт кезінде газ баллондардың жарылуына жол бермей, үлкен апаттың алдын алған еді.