Жаңалықтар

Ақтөбеде көлік жолдары жабылып, 540 жолаушы жедел түрде пойызбен тасымалданды

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" компаниясы хабарлады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты Қандыағаш - Ақтөбе учаскесіндегі тасжолдар жабылып, 540 жолаушы жедел түрде пойызбен тасымалданған.

Жолаушыларды тасымалдау өңірдегі келесі станциялардан ұйымдастырылды:

 Қандыағаш станциясынан 139 жолаушы №613 «Маңғыстау - Орал» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
 Алға станциясынан 122 жолаушы;
 50 жолаушы №613 «Маңғыстау - Орал» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
 72 жолаушы №109 «Маңғыстау - Ақтөбе» пойызымен Ақтөбе станциясына дейін;
 Ақтөбе станциясынан 279 жолаушы №110 «Ақтөбе - Маңғыстау» пойызымен Бестамақ, Алға, Тамды, Қандыағаш және Шұбарқұдық станцияларына дейін жеткізілген. 

«Тасымалдау мүмкіндігін арттыру мақсатында №110/109 «Ақтөбе - Маңғыстау» пойызының құрамына қосымша плацкарт вагоны тіркелді»,- делінген хабарламада.