Жаңалықтар

Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан дәрігер балалар ауруханасында жұмыс істеген

The final spritzer

Қызметкермен тығыз байланыста болған 55 адам тексерілген

  Ақтөбеде 21 жастағы медбике 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін жансақтау бөлімінде жұмыс істеген. Мамыр айынан бастап ол қыркүйекке дейін жалғасқан жіті респираторлық инфекциялар, жіті респираторлық вирустық инфекциялар және пневмония диагнозымен бірнеше рет еңбек демалысына шыққан, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz  http://azattyq-ruhy.kz/ сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде осы дерттің ашық түрімен ауыратын медбике жұмыс істеген көпсалалы балалар ауруханасында балалардың жаппай жұқтыруы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады.

Ведомствоның мәліметінше, бойжеткен медициналық колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасқан.