Жаңалықтар

Ақтау – Алматы рейсі қозғалтқыштағы ақауға байланысты кері қайтты

The final spritzer

Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.

Air Astana әуе компаниясының Ақтау – Алматы бағытындағы KC 868 рейсі техникалық ақауға байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта оралды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жолаушылардың айтуынша, әуеде ұшақтың ішінде жарық өшіп, ерекше гуіл естілген, сондай-ақ күйік иісі сезілген. Стюардессалар қобалжып, салон ішінде жүгіріп жүрді, бірақ жолаушылар үнсіз қалып, бір-біріне не болып жатқанын түсінбей қараған.

Экипаж командирі жолаушыларға №1 қозғалтқышта техникалық ақау анықталғанын хабарлап, Ақтауға оралу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 8 наурызда орын алған бұл жағдай қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертудің әсерінен болған. Экипаж барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес әрекет етіп, қозғалтқышты өшіріп, ұшақты Ақтауға сәтті қондырған.

Компания жолаушылардың жолын жалғастыру үшін резервтік ұшақ жіберілгенін хабарлады.