Жаңалықтар

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Өзбекстаннан экстрадицияланды

The final spritzer

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аса ірі көлемде алаяқтық жасады және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген Тимур Сәдуақасов Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ол халықаралық іздеуде болып, Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өту кезінде ұсталған. 25 ақпанда Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бақылау-өткізу пунктінде агенттік қызметкерлеріне тапсырылғаннан кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада Павлодарға жеткізілуі жоспарланған.