Ақтауда жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Ақтауда жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Қыз 11-ықшамаудандағы үйден 23 ақпан күні кешке шығып, таксиге отырып, жағалауға қарай бет алды. Содан бері ол туыстарымен байланысқа шыққан жоқ. "Теңіз жағалауынан оның жеке заттары: курткасы мен жейдесі және ұялы телефоны табылды", – делінген хабарламада. 25 ақпанда анасы полициядан жоғалған қызды табуға көмек сұрады. Сол күні полицейлер қыздың денесін 4-ші «А» ықшамауданынан, Жартас жолы маңынан тапты. Денеде зорлық белгілері болған жоқ. «Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі «Суицидке апару» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.