Ақтауда жолда би билеген көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылды
Ал көліктері айып тұрағына жіберілді
Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция жол ережесін бұзғандарды анықтап, оларға айыппұл салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Ақтаудағы 5 және 6 шағын аудандардың арасында болғае. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Bentley, Mercedes Benz және Porsche көліктерінің жүргізушілері жолда тоқтап, би билеп жатқаны көрсетілген.