«Абай» және «әл-Фараби» сериалдары қашан шығады?

23

 

«Абай», «әл-Фараби» сериалдары Тәуелсіздік күнінде ұлттық арна эфиріне шығады. Бұл туралы «Astana Media Week 2020» барысында «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай айтты.

«Пандемия отандық телесериалдар өндірісіне кедергі болғанымен, өндіріс толықтай тоқтап қалған жоқ. Биыл біз 13 сериал түсіріп жатырмыз. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» сериалының, Әл-Фарабидің мерейтойына арналған «Әл-Фараби» сериалдарының түсірілім жұмыстары сәл кешеуілдеді. Десе де аяқтап үлгердік. Осы тұста хабарлап өткім келеді, екі тарихи туынды да эфирге желтоқсанда, Тәуелсіздік мерекесінде шығады», — деді Ләззат Танысбай.

Сондай-ақ, ол осы маусымда роман желісі бойынша түсірілген «Махаббат, қызық мол жылдар», Тәуелсіздікке арналған 100 бөлімді «Замандастар» телехикаясы эфирге шығатынын айтты.

egemen.kz
© egemen.kz