Жаңалықтар

Абай Бегей тұрмысқа шыққан 16 жастағы қызына көлік тарту етті

Кеше әншінің қызының тойы мен құдалығы болған

Әнші Абай Бегей қызының тойында оған тосын сый жасап, автокөліктің кілтін сыйлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әнші отбасымен бірге қызына арнайы видео түсіріп, оған жүрекжарды ақ тілектерін арнаған. Видео құттықтаудан кейін Сымбатқа су жаңа көліктің кілті табыстаған. 

Әкесінің қолынан қымбат сыйлық алған Сымбат көңілі босап, жылап қалған. 

Ал әнші желідегі парақшасына қызына арнап, қысқаша жазба  жариялаған. 

«Симби қызыма отбасымыздың атынан автокөлік сыйлаймыз. Қызым, Алла басыңа бақ берсін», - деп жазған әнші.