Жаңалықтар

Абай Бегейдің жаңа құдағиы келінін "өте жас, обал" деп сынағандарға жылап тұрып жауап берді

16 жаста тұрмысқа шыққан бойжеткеннің тойы ел аузында әлі талқыланып жатыр

16 жастағы қызы тұрмысқа шыққан танымал әнші Абай Бегейдің қызы ел аузында әлі талқыланып жатыр. Жас келіннің су жаңа енесі халыққа үндеу жасап, дауды тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

“Біздің келініміз – болашақ тіс дәрігері. Сол мамандыққа түсті. 1 қыркүйектен бастап, оқуына балам екеуі кетеді. Мен оларды ұстамаймын. Алматы қаласында тұрады. Оқуларына ештеңе кедергі болмайды. Халық “Сымбатты әлі жас, келін болуға дайын емес” деп жатыр. Мен өзім бәрін басынан бастап үйретемін. Өзім де тіс дәрігері болғандықтан, сабағына да көмектесемін. Алматыға өзім де еріп барамын. Сіздер ол үшін қиналмаңыздар! Келінімді қызымнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Бұл тойды бір жылдан бері күттік. Қатты дайындалдық. Артық сөз, өсек-әңгіме керек емес”, – деп жазды өнер иесінің құдағиы.

Айта кетейік, қызды алып қашып кеткеннен кейін, әкесі рұқсат бермегесін сырға салып алып кеткен еді.