Жаңалықтар

Абай облысында 5 жастағы бала мұз астына түсіп кеткен

Абай облысында 5 жастағы бала мұз астына түсіп кеткен

Абай облысында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 22 желтоқсанда сағат 12:54-те Үржар полиция бөлімінің "102" арнасына учаскелік полиция инспекторының хабарламасы келіп түсті. Ол Таскескен ауылында балалардың бірі мұз астына түсіп кеткенін хабарлады. 5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен. Осы сәтте екінші бала ересектерге көмек сұрауға жүгірді. Куәгерлер өздерінің учаскелік инспекторына қоңырау шалды. Ол дереу оқиға орнына барып, құтқарушыларды шақырды. Баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақтағы су қоймаларында мұздың қалыңдығы қазір 3 см-ге жетпейді. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/97476/