Абай поэзиясы алғаш рет фин тілінде шырқалды
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Хельсинкиде Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі мен «Сәуле» мәдени қоғамы ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай оқуларын» өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шарада қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін қазақ, фин және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқып, жоғары шеберлік пен рухани тереңдікті паш етті.
Елші Азамат Әбдіраимов құттықтау сөзінде Абай мұрасының қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарындағы орнын атап өтіп, қазақ тілін және мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттаудың маңызын жеткізді.
Байқау қорытындысында үздік өнер көрсеткендер «Сахналық шеберлігі», «Мәтінді терең түсінуі» және «Көрермен көзайымы» аталымдары бойынша марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
«Абай оқулары» Финляндия астанасында қазақ әдебиеті мен мәдениетін әлемге танытудың айқын мысалына айналды.