Абылай ханның түпнұсқа хаты Түркістанға жеткізілді

0

Түркістан облысына жұмыс сапарымен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов келді.

Сапар барысында вице-министр «Ұлы дала елі» орталығына өзінің жеке мұрағатында сақталып келген қазақ ханы Абылайдың жазған хатының тұпнұсқасын салтанатты түрде табыс етті.

«Соңғы екі жылда қалада 200-ден астам мәдени, рухани, әлеуметтік нысандар бой көтіріп келеді. Осы ретте мен де бүкіл қазақ халқының терең тарихынан сыр шертер жәдігерлердің алтын ұясына айналып отырған «Ұлы дала елі» орталығына жеке мұрағатымда сақталып келген Абылай ханның орыс патшайымы Анна Иоановнаға жазған хатын тапсыруды жөн көрдім», деді Болат Анапияұлы.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.