«Әділ cөз» бен Журналистер одағы Тоқаевтан әйел журналистерді қорғауды өтінді

0 16

«Әйел журналистерді қатігездікпен қудалауға жол берілген жағдайға назар аударуыңызды өтінеміз және мәселенің құқықтық шешілуі үшін пәрменді шаралар қабылдауды талап етеміз. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі әйел журналистердің қауіпсіздігіне жасалған қастандық туралы әрбір істі тергеуді ерекше бақылауға алуы керек деп есептейміз. Жалпы, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 33/2 «Журналистердің қауіпсіздігі туралы» қарарына сәйкес нақты іс-қимыл бағдарламасы қажет. Журналистерге қарсы қылмыстардың заңсыздығы мен жазасыздығы елде демократиялық реформалардың жүргізілуіне кедергі келтіріп, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретіндегі имиджіне нұқсан келтіреді», – делінген үндеу мәтінінде.

Үндеу авторлары мысал ретінде Еlmedia редакциясына жасалған шабуылды және жоба жетекшісі Гүлжан Ерғалиеваға қоқан-лоқы көрсетілуін, Orda.kz редакциясына жіберілген шошқаның басы және «Дорожный контроль» тілшісісі Олеся Вертинскаяға жасалған шабуылды тілге тиек еткен.

Қазіргі уақытта үндеуге қол жинау жалғасуда, содан кейін ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ Бас прокурор Берік Асыловқа, ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа және қпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліге жіберіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.