Жаңалықтар

«АЭС салу – уақыт талабы» - Бақтияр Көпбосынов

Оның айтуынша, АЭС салу дәл уақытында қолға алынған бастама

Мұндай пікірді «Қазақ Газ Аймақ» АҚ Жамбыл облыстық филилының директоры Бақтияр Көпбосынов айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

"АЭС салуды қолдаймын. Себебі, біздің елде энергетика  өте өзекті мәселе. Бү­гін­де әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлем­дегі ең қуатты атом электр стан­­­­cалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орна­лас­қан. Ал Қытай, Үндістан, Түр­кия, Мысыр сынды елдер соңғы жыл­дары атом энергетикасына бел­сенді түрде инвестиция салып жа­тыр. Егер 6 қазанда халық қол­дап, елімізге АЭС салу туралы ше­­­­шім қабылданатын болса, қазір 4 елдің тәжірибесі қарастырылып жат­қанын білеміз. Олар – қы­тай­лық CNNC, кореялық KHNP, ре­сейлік «Росатом» және француз­дық EDF компаниялары. Ме­нің­ше, бұл елдің қай-қайсысы салса да алдымен біздің ел үшін қауіпсіздік мә­селесіне ерекше мән береді деп ойлаймын", - деді Бақтияр Көпбосынов.