Ағаштан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленуде

0 3

Чилиде емдік қасиеті бар Квиллей ағашынан коронавирусқа қарсы вакцина жасалып жатыр

Бұл іспен жергілікті компания айналысады. Оған тапсырыс беруші – америкалық Novavax компаниясының британдық филиалы. Белгілі болғаны, ковидке қарсы препарат әзірлеуге дәл осы ағаштың қабығындағы белсенді заттардан қолданылады екен. Яғни олар алдымен кептіріліп, кейін ұнтақталады. Жалпы, өткен айдың соңында аталған компания дәл осы дәріні сынаудың үшінші кезеңін бастағанын хабарлаған еді. Оған 18 бен 84 жас аралығындағы 10 мың ерікті қатысатыны да айтылған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.