Жаңалықтар

Ахмади Маханов: Қазақстандық теннисші Швецияда топ жарды

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді

13 жастағы Ахмади Маханов Стокгольмде өткен Tennis Europe 14&U Kungens Kanna & Drottningens Pris турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ахмади финалда Франция өкілі, Tennis Europe рейтингінде 10-орында тұрған Самуэль Дакасенді 6:2, 6:7, 6:3 есебімен жеңді.

2015 жылы дәл осы турнирде Тимофей Скатов жеңімпаз атанған болатын. Ахмади Маханов – «Швеция королі кубогын» толықтай Қазақстанда дайындалған алғашқы ойыншы ретінде жеңіп алған теннисші. Қазіргі уақытта ол Team Kazakhstan академиясында жаттығады.