Air Astana ұшақтары Алматы әуежайына қона алмай басқа қалаға кетіп қалды

0

Қазақстанның «Air Astana» мен «FlyArystan» компанияларының үш ұшағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматыға қона алмады.

Оқиға сәрсенбі, 9 маусым күні болған. «Air Astana» мен «FlyArystan» компанияларының үш ұшағы Алматыдағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты басқа аэродромдарға қонуға мәжбүр болған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматыдағы желдің қайшылығы ұшақтың жерге қонуына кедергі келтірген.

Нәтижесінде «Air Astana» KS 952 Нұр-Сұлтан – Алматы рейсі Шымкентке, FlyArystan KS 7134 Павлодар – Алматы рейсі Нұр-Сұлтанға, FlyArystan KS 7152 Семей – Алматы рейсі Бішкекке қонды.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, үш рейс те Алматыға жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.