Аймағамбетов: Қазақстанда онлайн-мектептер мен колледждер ашылуы мүмкін

0 28

Елімізде онлайн мектептер мен колледждерді енгізу заңды негізде бекітілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

«Әрине, онлайн оқуға әркім әртүрлі көзқарас танытуы мүмкін. Бірақ біз бұл қазіргі заманның шынайылығы екенін түсінуіміз керек. Біз онлайн мектептер мен колледждер бойынша норманы заңнамалық тұрғыдан бекіту үшін шаралар қабылдағымыз келеді», — деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің айтуынша, бұл мәселенің шешімі алдын ала талқыланатын болады.

«Қазір интернеттің шегі мен шеті жоқ. Егер балалар елімізде онлайн колледждерде білім ала алмаса, олар шекаралас немесе басқа елдердің онлайн колледждерінде білім алады. Сондықтан бізде бұл мәселенің жоқ екенін айтудан гөрі, тиісті мәселені шешіп, заңдастыру керек», –  деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.