Айтулы мереке қарсаңында ару-аналарға құрмет көрсетті

0 14

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында саладағы нәзік жандыларды көктемнің шуаұты мерекесімен құттықтады. Нияз Қанатұлы бұл күні ару-аналарға сый-сыяпат көрсетіп, айрықша құрметке бөледі. Шоқ-шоқ гүлдер, тарту-таралғы. Барлығы да нәзікжандыларға арналды.

— Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбіршілік пен тыныштық тілеймін, — деді Н.Рыспаев.

Айта кетейік, бұл күні қызметін мінсіз атқарған бірқатар әйел қызметкерлер марапатқа ие болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.