«Әкім ретінде менің жаңа жылым»: Досаев безендіруге 44 млн теңге бөлген дұрыс деп есептейді

0 26

Медеу ауданының тұрғындарымен кездескен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындардың бірімен жаңа жыл мерекесіне бөлінетін 44 млн теңгеге байланысты сөзге келіп қалды,деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тұрғындардың бірі жаңа жылда безендіру үшін бюджеттен 44 млн теңге бөлінетініне наразылық білдірді. Әйелдің айтуынша, оны кезектен үш рет алып тастаған. Алайда қайта қайтарған. Тұрғын кездесу соңында тіпті жаңа жыл мерекесі үшін әкімдік ақшаны желге шашып отыр деп есептейтінін айтты. Екеуара диалог былайша өрбіген.

Алматы тұрғыны: Жаңа жылға бізге қатысты емес. Жаңа жылға 44 млн теңге бөлінеді. Ол ақшаны одан да үйсіз жүрген халыққа бөлсін.

Ерболат Досаев: Қандай ақшаны бөлу керек?

Алматы тұрғыны: Жаңа жылды әшекейлендіруге.

Ерболат Досаев: Қаланы біз дымсыз қалдырамыз ба?

Алматы тұрғыны: Жаңа жылдың қатысы жоқ қой. 44 млн теңге бөлетіндей.

Ерболат Досаев: Неге жаңа жылдың қатысы жоқ, кім айтты сізге? Сіздің балаларыңыз бар ғой?

Алматы тұрғыны: Иә.

Ерболат Досаев: Балаларыңызға оны көрсетпей-ақ қояйық па?

Алматы тұрғыны: Біздің мерекеміз Наурыз. Наурызға байланысты мен сөйлеп жатқан жоқпын.

Ерболат Досаев: Онда былай болсын. Сіз мерекеңіз болса, әкім ретінде менің жаңа жылым бар. Қала бәрін дұрыстап істеп береді. Ал сіздің сұрағыңыз болса, тапсырма бердім. Кезегіңізбен келесіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.