Әкімдер басшылық қызметінен босатылды

0 344

«Аманат» партиясының облыстық және аумақтық филиалдарында партия конференциялары өткені хабарланды. Күн тәртібінде филиалдардың 2022 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ әкімдерді филиал төрағалары қызметінен босату мәселесі қаралды.

Партия наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңды түрде тыйым салу қажеттігін айтқанын атап өтті. Қараша айының басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер қабылданды.

Конференциялардың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер бұдан былай «Аманат» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары болып табылмайды, сондай-ақ партияның тиісті филиалдарының саяси кеңестері мен бюроларының құрамына кірмейді», — делінген хабарламада.

Дереккөз: halyq-uni.kz сайтынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.