Алғаш рет ана өлімі көрсеткіші 32%-ға төмендеді
Алғаш рет ана өлімі көрсеткіші 32%-ға төмендеді
Өткен жылы 400 мыңға жуық әйел жүктілігі бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында болды. Бұл жағдайда дәрігерлер ауыр акушерлік және соматикалық асқынуларға байланысты өте ауыр жағдайдағы 1000-нан астам жүкті әйелді құтқара алды. Медициналық авиация желісі бойынша 200 ұшу орындалды, 21 әйел жергілікті жерде операция жасалды, 190 әйел ауыр жағдайда облыстық, республикалық клиникаларға тасымалданды және құтқарылды; Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында алғаш рет ана өлімі көрсеткішінің 32%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Өткен жылы босандыру бойынша диагностика мен емдеудің 18 басым клиникалық хаттамасы бекітілді; босандыру қызметінің 2000-нан астам дәрігері және 3000 ОМҚ, 64 дәрігер Ыстамбұлда, 50 дәрігер Санкт-Петербургте оқытылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдан бастап 21 000 әйелге ЭКҰ өткізілді, нәтижесінде 8 000-нан астам әйел жүкті болып, 6 000-нан астам көптен күткен бала туды.