Жаңалықтар

«Алғашқы қоңырау бәріне бірдей соғылмайды»: министрлік 1-ші қыркүйекке қатысты түсініктеме берді

Кейбір мектептердің әкімшілігі 1 қыркүйектегі шараға оқушылардың қатысуын өздері шешеді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 -ші қыркүйек жексенбіге тұспа-тұс келуіне қарамастан еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылатынын айтқан болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін министрлік бұл шараға тек 1-11 сынып оқушылары ғана қатысатынын айтқан. Алайда, кейін белгілі болғандай, ведомство өкілдері 1-ші қыркүйекте өтетін салтанатты жиыннан кейбір мектептер босатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Informburo.kz-ке сілтеме жасап.