Жаңалықтар

Алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанның сұрауы бойынша Сауд Арабиясында ұсталды

The final spritzer

Алаяққа халықаралық іздеуге жарияланған.

Алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанның сұрауы бойынша Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған. 

2018 жылғы жазда Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен жергілікті тұрғындардың бірінің 5 млн теңге қаражатын иемденген.