Жаңалықтар

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады

Қазгидромет 13-15 шілдеге арналан ауа райы болжамы жариялады. Республиканың басым бөлігінің ауа райына циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. Ауа райының құбылмалы сипаты күтілетін жерде. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел жүреді. Батыста ауа температурасы түнде +12+22℃, күндіз +25+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз термометрлер +12+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +8+20℃, күндіз +15+28℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +25+32°С болады.