Жаңалықтар

Aleem: Қазақ жастары әзірлеген тіл үйрету қосымшасы әлемдік рейтингтерді көш бастады

АҚШ-та білім алып жүрген қазақстандық студенттер жасаған Aleem атты мобильді қосымша қысқа уақыт ішінде үлкен танымалдыққа ие болды.

Жоба App Store дүкенінде үздіктер қатарынан көрініп, бірнеше елдің рейтингінде алғашқы орындардан көрінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ерекшелігі — Aleem ешқандай жарнама мен инвестициясыз, тек жас мамандардың ынтасы мен идеясына деген сенімнің арқасында іске қосылған. Тек бір тәуліктің ішінде 50 мыңнан астам қолданушы қосымшаны жүктеп үлгерген. Бұл көрсеткіш толықтай табиғи (органикалық) өсім арқылы тіркелген.

Қосымшаның басты ерекшелігі — жеке оқыту жүйесі. Бағдарлама әр пайдаланушының қызығушылығын ескеріп, оларға бейімделген контент ұсынады. Осылайша смартфон нағыз жеке репетиторға айналады.

Aleem командасы:

Алидар Күчуков — CEO & Co-founder

Асылжан Алтай — CMO & Co-founder

Темірлан Аманжанов — CTO

Ален Алтай — CCO

Бердібек Сапарбеков — COO

Сонымен қатар жобада founding инженер Темірлан Темірбаев және дизайнерлер Айя Жұмағалиева мен Амаль Садекова еңбек етеді.

Қазіргі уақытта Aleem қосымшасы келесі нәтижелерге жетті:

Қазақстан мен Қырғызстанда — 1-орында

Тәжікстанда — 2-орында

Түрікменстанда — 6-орында

Өзбекстанда — 11-орында

Ресейде — 12-орында