Жаңалықтар

Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирде камбэкпен финалға шықты

Ол жапониялық Шинтаро Мочизукимен шеберлік байқасты

Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирде камбэкпен финалға шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер (АҚШ) челленджер турнирінің финалына өтті. 

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 120-ракеткасы, жапониялық Шинтаро Мочизукимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда жапониялық теннисші сәтті ойнады – 6:4. Бұдан кейін Шевченко камбэк жасай білді – 6:1, 6:1.