Жаңалықтар

Алексей Цой ел тұрғындарына үндеу жасады

Алексей Цой ел тұрғындарына үндеу жасады

«Мониторинг топтар карантиндік іс-шаралардың сақталуын бақылауды жалғастыруда. Соңғы 2 аптадағы сараптамаға сәйкес, рейд жүргізу 16 пайызға артып, бұзушылықтарға жол берген нысандар саны 1,2 есеге өсті. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында нысандарды рейд шараларының көрсеткіші төмендегені байқалатындығын атап өткім келеді», - деді министр. Оның атап өтуінше, мониторинг топтары «Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың да карантиндік іс-шараларды сақтауына бақылау жүргізеді. «Ashyq» жобасы аясында мониторинг топтары 60 473 нысанды тексеріп, 1 183 нысандағы ереже бұзушылықты анықтап отыр. «Бұған қоса, «Ashyq» енгізілген сәттен бері 46 067 «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келуші анықталды. Олардың 29 930-ы ПТР-дің оң нәтижесімен жүрсе, 16 137-сі байланыста болған. Өкінішке орай бұл статистика кейбір азамат үйде оқшаулану режимін сақтамайтындығын, тұрғындар жаппай жиналатын нысандарға баруға тырысатындығын, ел ішінде сапарлайтындығын, сол арқылы төңірегіндегілерге жұқтыру қаупін төндіретіндігін көрсетеді. Төңірегендегілерге қауіп төндіретін азаматтардан азаматтық жауапкершілік танытуға және вирустың таралуына өз үлесін қоспауға өтінемін», - деді Алексей Цой.