Әлемде бес жасқа дейінгі 45 миллион бала аштықтан зардап шегеді — БҰҰ

0 21

Адамзат 2030 жылға қарай аштықтан құтыламыз деген мақсатынан алшақтап барады. БҰҰ сарапшылары осындай қорытынды жасады, себебі былтыр әлемде 830 миллионға жуық адам азықпен жеткілікті қамтылмаған, бұл — жер шарындағы халықтың 10 пайызы, деп хабарлайды Жамбыл инфо,Еuronews агенттігіне сілтеме жасап. 2020 жылмен салыстырғанда аштыққа ұшырағандар саны 46 миллионға артты. Жалпы, пандемия басталғаннан бері азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шеккендер саны 150 миллионға өскен. «Біз кедейшіліктің шегіне жетіп қалғанын көріп отырмыз, онымен күресу үшін ондаған жылдар бойы жүргізілген күш-жігер босқа кетті. Әлемде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ұлғайып барады. Ерекше алаңдаушылық тудыратын жайт — адамдардың қалыпты тамақтануға мүмкіндігі жоқтығы»,-деді Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бас экономисі Максимо Тореро. Азық-түліктің жетіспеушілігі Азия, Африка, Латын Америкасы және Кариб бассейнінде байқалды. Қазір әлемде жағдай күрт нашарлады. Егер өзгеріс болмаса, 2030 жылы 670 миллион адам аштыққа ұшырайды, бұл — шамамен 2015 жылғы көрсеткішпен тең.

Leave A Reply

Your email address will not be published.