Алабамада қуатты торнадодан адамдар көз жұмды

26

Американың Алабама штатында қуатты торнадо болды. Торнададан қазір бір адам мерт болып, ондаған адам жарақат алды.

Джефферсон округіндегі Фултондейл қаласында тұрғын үйлерге айтарлықтай зиян келді. Оған қоса, қатты дауыл қонақ үйді де қиратып, шіркеу шатырының бір бөлігін жұлып әкеткен.

Бұдан өзге, торнадо кезінде отбасылар үйдің жертөлесінде бой тасалаған. Алайда үй маңындағы ағаш ғимаратқа құлап, адамдарды басып қалған. Нәтижесінде, отбасының бірнеше мүшесі ауыр жарақат алып, бір адам мерт болды.

«Он жеті науқас түрлі жарақаттармен жедел жәрдем бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы өте ауыр», деп хабарлады жергілікті өрт сөндіру бөлімінің басшысы Джастин Маккензи.

Қазіргі күні оқиға орнында зардап шеккен 11 адамға көмек көрсетілді.

egemen.kz