Әлемде 52 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

13

Johns Hopkins университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асты.

Johns Hopkins мәліметінше, қазір әлемде індет жұқтырғандардың саны 52 041 515 құрайды, 1 282 184 адам қайтыс болды, 33 870 032 адам сауығып кетті.

Инфекцияның ең көп жағдайы АҚШ-та анықталды. Онда 10 392 702 адам вирус жұқтырған, 241 047 адам қайтыс болды, 3 997 175 адам жазылып шықты. Індетті жұқтырғандардың көп дерегі сондай-ақ Үндістанда тіркелді. Мұнда 8 636 011 адам инфекция жұқтырған. 127 571 адам қайтыс болып, 8 013 783 науқас айығып кетті. Үшінші орында Бразилия, онда 5 747 660 адам жұқтырды, 163 368 адам қайтыс болды және 5 222 937 адам жазылды.

egemen.kz