Әлемде індет жұқтырғандар саны 55 миллионға жетті

19

Johns Hopkins университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 миллионнан асты.

Университеттің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырған адам саны 55 033 418-ге жетті, 1 327 500 қайтыс болып, 35,3 миллионнан астам адам сауығып кетті.

Бірақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус туралы басқа статистика келтіреді. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 инфекциясының саны 54 301 156-ға жетіп, 1 316 994 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 528 905 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді.

Ал, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 121 653 жетті. 110 382 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. Қайтыс болған адам саны 1899-ға жетті.

 

egemen.kz