Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

0 27

Соңғы мәлімет бойынша, әлемдегі коронавирус құрбандарының саны 959 мыңнан, ал вирусты жұқтырғандар 30 миллионнан асты, деп хабарлайды Джонс Хопкинс университеті.

Әлемдегі инфекция жұқтырушылар саны 30 919 638-ға жетті. Көз жұмғандар 959 332-ге дейін өсті. Науқастардың ең көп саны АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелген.

Қауіпті вирус жұқтырғандар АҚШ-та 6 миллионнан, Үндістанда 5 миллионнан, Бразилияда 4 миллионнан асты.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.