Байден жаңа жоспар ұсынды

0

АҚШ пре­зи­денті Байден Кон­грес­­тің біріккен оты­­ры­сын­дағы ал­ғаш­қы мә­­лім­­демесінде жұмыспен қамту, білім беру мен әлеуметтік қорғауға қатысты бағдарламасын ұсынд­ы.

Президент болып сайланғанына 100 күн толу қарсанында Джо Байден жалпы сомасы 4 млрд АҚШ доллары болатын жоспар ұсынды. Сарапшылар мұндай көлемді әрі қомақты қаржы талап ететін жоспар 1960-жылдардан бері болмағанын айтады.

Байденнің өзі мұны «Америка ұрпа­ғы­на жұмсалатын инвестиция» деп атады. Дегенмен, бұл заңды күшіне енбес бұрын Конгресте қызу талқыланбақ. Өйткені палатадағы республикашылар са­лықтың өсуі мен мемлекеттік шы­ғынды көбейту мәселесін қолдауы екі­та­лай.

Сонымен, Джо Байденнің ұсынысы қандай? Президент өз сөзінде «Америка үшін күш біріктіретін және елдегі 1 па­йыздардың өз табысын жасырмай, ортаға салатын кезі келді», деді. Жаңа жоспар қоғамдық көлікке де инвестиция тартуды қарастырады. Осылайша үлкен автожолдар мен көпірлерді жақсарту қа­рас­тырылмақ.

Байден одан әрі жаһандық климат мәселесінің де назардан тыс қалмағанын айтты. Ол тоқпен жүретін көліктер шыға­ру­да АҚШ-тың неге кенже қалғанын тү­сін­бейтінін білдірді.

АҚШ отбасы жоспарына 1,8 трлн доллар жұмсамақ. Оның шеңберінде 3 пен 4 жас аралығындағы балалардың оқуын тегін ету, отбасы мүшелерінің төленетін денсаулық демалысын алуды қамтамасыз ету, колледжге түсерде тө­лей­тін төлемді алып тастау, пандемия ке­з­інде салықтан босату көзделіп отыр.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/273296-bayden-dganha-dgospar-usyndy
© egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.