Ғалымдар коронавирустан қорғайтын спрей ойлап тапты

16

Австралиялық Ena Respiratory компаниясы коронавирустың тыныс жолдарында таралуына жол бермейтін спрей ойлап тапты.

Ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізген. Нәтижелер INNA-051 препаратының мұрын мен тамақтағы вирустың репликациясын 96 пайызға төмендетіп, инфекция қаупін азайтып, оның таралуын төмендететінін көрсеткен.

«Біздің еміміздің қаншалықты тиімді болғанына таң қалдық. Біз вирустың тез жойылғанын көрдік», — дейді Ena Respiratory басқарушы директоры, доктор Кристоф Демезон.

Алғаш рет INNA-051 спрейі суықтан және тұмаудан қорғау үшін жасалынған екен, бірақ оның тиімділігі туралы нақты дәлелдер болмағандықтан мақұлданбаған дейді.

tengrinews