Индонезияда көшкін салдарынан 10 адам қаза тапты

28

Индонезияның Солтүстік Калимантан провинциясындағы Таракан қаласында көшкін болып, 10 адам қаза тапты. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі жергілікті билік өкіліне сілтеме жасап хабарлады. Мәліметтер бойынша көшкін қатты жаңбырдың салдарынан болған. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр.

24.kz