Иорданияда жойқын жарылыс болды

0 29

Бүгін таңертең Иорданияның Эз-Зарка қаласында жойқын жарылыс болды.

Иорданияның мемлекеттік ақпарат министрі Амджад Адайленің айтуынша, жарылыс мерзімі өткен оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Аталған қойма елдің қарулы күштеріне тиесілі. Абырой болғанда қойма халық қоныстанған аумақтан алыс жерде орналасқан екен.

Тергеудің алғашқы нәтижелері бойынша жарылыс қысқа тұйықталу салдарынан болуы мүмкін. Әзірге оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.