Климаттық өзгеріс халықтың азаюына әкеледі

0 27

Басылымның жазуынша, жаһандық климаттық дағдарыс салдарынан 30 жылдан кейін әлем халқы 1,2 млрд адамға азаяды. Мұн­дай шешімге Сидней Экономика институтына қарасты Экологиялық қауіп регистрінің «Климаттағы өзгеріс әлемдегі бейбітшілік пен дамуға кері әсер етіп, адам өліміне әкеледі» деген гипотезасы себеп болып отыр.

Олардың пікірінше, баяу дамып келе жатқан мемлекеттер экологиялық проблема, саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздікпен бетпе-бет келгенде, экономикалық коллапсқа ұшырап, адам шығынына әкеледі. Мұндай тұжырым жасауға БҰҰ-ның Ішкі көші-қон мониторинг орталығының зерттеуі, Азық-түлік пен ауылшаруашылық ұйымының статистикасы негіз болған. Болжам бойынша алдағы 30 жылда 31 мемлекетте шамамен 1 млрд адам шығыны болуы ықтимал. Ол мемлекеттердің қатарында Оңтүс­тік Азия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері бар.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.