Коронавирус мутацияға ұшырап, жылдам таралып жатыр

29

Ғалымдар Ұлыбританияда коронавирус инфекциясы мутацияға ұшырап, жылдам таралып жатқанын растады.

Бұл туралы Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уиттидің мәлімдемесінде айтылды.

Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын ескерттік және не болып жатқанын түсіну үшін қолжетімді деректерді талдауды жалғастырамыз. Вирустың жаңа түрі өлім-жітімнің жоғарылауына немесе вакцина мен емдеуге қалай әсер ететіні туралы дерек әлі жоқ, бірақ оны растау үшін шұғыл түрде зерттеу жүргізіліп жатыр, — деді Уитти.

Осы аптаның басында ұлыбританиялық ғалымдар коронавирустың жаңа түрінің пайда болғанын, ол тез таралып жатқанын хабарлаған. Ол туралы Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок мәлімдеді.

baq.kz