Кувейттің жаңа әмірі таққа отырды

30

Кувейттің жаңа әмірі Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Ұлттық кеңес алдында ант беріп, ресми түрде өзінің тағына отырды.

Бұл туралы Kuwait News Agency хабарлайды.

Салтанатты іс-шара барысында жаңа әмір Кувейтті сақтауға және қорғауға, сонымен қатар бұрынғы басшының саясатын жалғастыруға ант берді. 29 қыркүйекте Кувет әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах 91 жасында дүние салғанын хабарлағанбыз. Ол Кувейтті 2006 жылдан бері басқарып келді.

24.kz