Лос-Анджелесте ұшақ апатқа ұшырады

13

Бейсенбі күні Лос-Анджелестің солтүстік бөлігіндегі (Калифорния штаты) тұрғын үй ауданында шағын ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты.

Cessna 172 ұшағы аталған ауданда әуежайға қонуы тиіс болған. Құлау орнында өрт шығып, бірнеше автокөлік жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келмеген. Әуе кемесінің бортында ұшқыштан басқа ешкім болмаған.

egemen.kz