Мысырда 100-ден астам саркофаг табылды

11

Мысырда өте құнды жәдігерлер табылды. Олар­­дың қатарында екі жа­рым мың жылдан ас­там уақыт сақталған жүзден астам сарко­фаг, жерлеу орындары мен ондаған мүсін бар.

Тарихи орында қазба жұмыстарын жүргізген ғалымдар тереңдігі шамамен 12 метрлік үш мазаратты қазған. Пәленбай жыл өткеніне қарамастан, жәдігерлер өте жақсы сақталған екен.

Ғалымдардың болжамына сүйенсек, бұл жерде жергілікті ағаштан жасалған сар­кофагты шығаратын үлкен шеберхана болуы мүмкін. Әзірге зерттеушілер оны іздес­тіруін жалғастыра бермек. Алда-жалда та­была қалса, өте құнды артефактке айналмақ.

Мамандар Пирамидалардан оңтүстікке қарай 16 шақырым жерде орналасқан Саккараның алып қорымында бірнеше ай бойы жүргізіп жатқан қазба жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Ол жерге жақын маңда осы өркениеттің гүлденуі кезінде Ежелгі Мысырдың астанасы болған Мемфис орналасқан. Ғалымдардың айтуынша, әзірге Саккарада жасырынып жатуы мүмкін артефактілердің тек бір пайызы ғана табылған.

egemen.kz