Навальный Путиннің жауабы туралы пікір білдірді

22

«Матросская тишина» тергеу изоляторында отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың басшысы Алексей Навальный Владимир Путиннің жауабына қатысты пікірін айтты.

Айта кетейік, 25 қаңтарда Путин «Дворец для Путина. История самой большой взятки» сенсациялық ролигіне қатысты өз жауабын айтты. Видео 19 қаңтарда желіге таралып, қазіргі уақытта 93 миллион қаралым жинады.

«Менің меншігім ретінде көрсетілген нысандардың ешқайсы маған да, жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған», — деген еді Ресей басшысы онлайн-кездесу барысында студенттің сұрағына жауап беріп.

Келесі күні Навальный сайтында Путиннің жауабына қатысты көлемді мақала шықты.

«Оның қалай жұмыс істейтінін қараңыз. Біз видео зерттеу жарияладық, оны бір апта ішінде 90 миллионнан астам адам көрді. Ал Путин қанша айналып, қашқақтағанымен жауап беруге мәжбүр болды. Енді жиі осылай жасайық», — деді Навальный.

«Президент жауабының бір аптаға кешігуінің тек бір себебі бар. Ол Президенттің әкімшілігі барлық күш-жігері Путиннің халыққа қаншалықты жақын екенін көрсе алатын резиденциядағы ең қарапайым бөлмені іздеуге кетті деп болжайық.

Рязань облысындағы кішкентай қарапайым коттедж. Путин халықтың осы қарапайым үйді көргенін қалайды. Алтын, үш бөлмелі пәтердің бағасына тең жиһазды көрмегендей болып отыр. Бірақ қазір оның өмүр сүріп жатқан үйі қандай екенін білеміз», — дейді саясаткер.

«Жалпы, ол зертеуге мардымды жауап қайтармады. Путин бір фактіні де жоққа шығарған жоқ», — деп қорытындылады Навальный.

 

Tengrinews.kz