“Ноул” тропикалық дауылы Таиландқа 18 қыркүйекте жетеді

0 45

Дауыл батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалуда.

Оңтүстік Қытай теңізінде пайда болған “Ноул” тропикалық дауылы осы жұмада Таиландтың солтүстік-шығысына жетіп, ірі тайфунға айналуы мүмкін.

“Жойқын дауыл батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалуда. Ол тайфунға айналып, Вьетнамның орталық бөлігіне жетеді деген болжамдар бар. Сөйтіп дауыл Таиландтың солтүстік-шығысына қарай 18 бен 20 қыркүйек аралығында ауысады”, делінген хабарламада.

Метеорологиялық басқарманың айтуынша, қатты желмен аралас нөсер жаңбыр жауады. Әсіресе бұл жағдай патшалықтың солтүстік-шығысында орналасқан тұрғындар үшін аса қауіпті екенін жеткізді. Сонымен қатар порттағы кемелердің алыс жолға шықпауларын ескертеді.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.