Олимпиада ойындарында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

0 6

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік жұқтыру рекорды тіркелді. Жапония астанасында ТЖ режимі ұзартылды.

Токиодағы Олимпиадада тәуліктік SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайының максималды көрсеткіші тіркелді. 24 сағаттың ішінде жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге атсалысқан 29 адам вирус жұқтырды.

Бұл туралы «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің сайтында сәрсенбі, 4 тамыз күні жарияланған есепте мәлім етілді. Жұқтырғандардың арасында төрт спортшы бар. Жарысты өткізуге атсалысқан адамдардың ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 322-ге жетті.

Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Токиода төтенше жағдай режимі 31 тамызға дейін ұзартылды. Ол, атап айтқанда, қоғамдық тамақтану орындарында алкоголь сатуға тыйым салуды және көрермендерді бұқаралық іс-шараларға жіберуді шектеуді көздейді. Олимпиада Жапония астанасында көрермендерсіз өтіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.