Өзбекстанның вице-премьері індеттен қайтыс болды

29

Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев жексенбіде коронавирустан көз жұмды.

Елдегі министрлер кабинетінің өкілі: «Уктам Исаевич Барноев бүгін 56 жасында коронавирус тудырған асқынулардан қайтыс болды», дейді ол.

Уктам Барноев осы жылдың ақпан айында Өзбекстандағы аграрлық және азық-түлік секторларын басқаратын вице-премьер лауазымына тағайындалған. Бұған дейін ол Республиканың Бұхара облысын басқарған еді.

egemen.kz