Пәкістанда шахта құлап, 12 адам қайтыс болды

0 49

Пәкістанның солтүстік-батысында мәрмәр өндіретін шахтаның құлауы салдарынан 6 адам зардап шегіп,  12 адам қайтыс болды.

Белгілі болғандай, оқиға 7 қыркүйек күні Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мохманд округінде болған. Оқиға орнына келген құтқарушылар үйінділер арасынан 18 адамды  алып шыққан. Оның алтауы әртүрлі дене жарақатын алып, 12-сі өкінішке қарай, қайтыс болған. Жарақаттанған жұмысшылар ауруханаға жеткізілген.

Жергілікті полиция комиссарының орынбасарының айтуынша, қайтыс болғандар саны әлі де артуы мүмкін. Осыған байланысты іздестіру операциясына арнайы техника мен құтқарушылардың қосымша жасақтарын тарту жоспарланып отыр.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.